Digital Almaty форумында өткен цифрлық жобалар көрмесінде ит, даяшы, адам кейпіндегі роботтар мен футбол ойнайтын роботтар назарға ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Іс-шараның нағыз «жұлдыздары» адам кейпіндегі роботтар болды — олар жүре алады, қол алысады, қол бұлғайды. Бұл роботтардың басқа да әрекеттер жасауға қабілеті бар болып шықты.
«Бұл Қытайда жасалған роботтар. Қазақстанда олар үшін программалық кодтар жазылады, іске қосу, іс-шараларға және түрлі бизнес түрлеріне қарай оңтайландыру жүзеге асырылады. Олар адамдар сияқты жүруді, барлығымен амандасуды, қоштасуды біледі. Жақында сөйлей алатын болады. Бұл үшін оларда жақсы процессорлар бар. Оларға сөйлесуге, ChatGPT-ке қосылуға мүмкіндік беретін жаңа микробағдарлама орнатылады.
Робот жақын жерде жүріп, кейбір ақпаратты айта алады. Болашақта олар адамдарды алмастырады — біріншіден, бұл ауыр жұмысқа қатысты, құрылыс алаңдарында олар барлығын алмастырады, олар біздің ханымдарға ауыр сөмкелерді көтеруге және жабдықты тасымалдау функцияларын орындауға көмектеседі. Оларды күнделікті өмірге интеграциясы жеңіл болуы үшін әдейі адам кейпінде жасаған», — дейді осы роботтарды сататын компанияның өкілі Азамат Казенов.