Танымал актер Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты шындықты айтты.
Жыл басында әзілкеш үшінші рет шаңырақ көтерген еді. Көп ұзамай жеке парақшасына видео жүктеп, екі қыз баланы ойнатып жүргенін көрсетті.
“Мен тек баласы бар келіншек аламын. Алла сұрағанымды берді”, – деп жазды актер. Алайда ол қалың көпшілікке әйеленің бет-жүзін көрсетуді қаламайды. Сондықтан, оқырмандар орамалдағы арудың кім екенін болжап біле алмай отыр. Жеке өміріндеге көп сәтсіздікке қарамастан, өнер иесіне бақыт тілеп жатқандар көп.