Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасайтындарға жаза күшейтілмек

Оқи отырыңыз

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза қатаңдатылатынына уәде берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Медициналық қызметкерлер өз міндеттерін атқару кезінде оларға жасалған шабуылдар мен денсаулықтарына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты нормаларды бүгін Бас прокуратура қолдады. Тиісті нормалар қазіргі уақытта мемлекеттік келісуден өтіп жатыр, оларды Денсаулық сақтау министрлігі бастамаға алды», — деді Әлназарова Мәжілісте өткен брифингте.

Шенеуніктің айтуынша, жаңа нормалар осы жылы қабылданады.

«Парламент депутаттарының қолдауымен, олар бұл норманы бізбен бірге талқылап, қолдап отыр. Ойлаймын, осы жылдың ішінде Қылмыстық кодекске тиісті бап енгіземіз. Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде медициналық қызметкерлерге қатысты қандай да бір әрекет жасаған азаматтардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту болады», — деп толықтырды министр.

Соңғы жарияланымдар

«Олардың жасында үш қыздың анасы едім”: Гүлнұр Мамасарипова «Кәрі қыз» фильмі арқылы қоғамға үндеу жасады

Танымал кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова су жаңа кино туындысына қатысты Stan.kz тілшісіне аз-кем ойын бөлісті. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/ Күні кеше продюсердің "Кәрі қыз" атты фильмі көрерменге...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика