Қазақ әдебиеті қос шығармамен толықты

Оқи отырыңыз

29 қаңтар күні Алматыдағы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында қазақ қыздарының тағдырын баяндайтын қос кітаптың тұсауы кесілді.

Бірі — өмірден көп опық жеген, отбасылық бақытқа жете алмай құрбан болған қыз тағдырын баяндайтын “Айбибі” повесті. Бұл туындының авторы ақпарат саласының үздігі, зейнеткер журналист — Гүлзейнеп Сәдірқызы.

Екіншісі — әр ғасырдағы қазақ әйеленің қайсарлығы мен қайғысын бейнелейтін жазушы Қанағат Әбілқайырдың “Жүректің көз жасы” атты көркем шығармасы.

Қаламгерлер: «Бұл шығармаға өмірде болған оқиғалар арқау болды және әр кейіпкердің өмірде өз прототипі бар» — дейді. Сонымен қатар, туындының шығу тарихымен бөлісіп, оқырмандарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

Екі кітап та  2024 жылы жарияланған “Алқа” грантының жеңімпаздары екенін айта кеткен жөн. Байқау талабы бойынша авторлар заманауи әйел бейнесін ашатын, қазақ қыздарының қоғамдағы келбетін кестелейтін көлемді шығарма жазуға тиіс болатын.

Қазылар алқасының құрамында аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанова, әдебиеттанушы, сыншы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Гүлмира Сәулембек, журналист, кинотанушы, сыншы, Queen Mary University of London оқытушысы, докторанты Әсия Бағдәулетқызы,  ақын, әдебиеттанушы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторанты Айнұр Төлеу, аудармашы, Аlqa Publising баспасының бас редакторы Баян Хасанова болды.

Конкурста үздік деп танылған, талапқа сай 20 шығарманың ішінен Гүлзейнеп Сәдірқызы мен Қанағат Әбілқайырдың ұсынған материалдары үздік деп танылып, биыл “Алқа” баспасының қолдауымен кітап болып басылып, оқырманға жол тартты.

Қос кітаптың тұсауын көрнекті жазушы, Алаш сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мағира Қожахметова мен жазушы, көрнекті сыншы, Алаш әдеби сыйлығының иегері Әмірхан Меңдеке салтанатты түрде кесіп берді.

Соңғы жарияланымдар

«Олардың жасында үш қыздың анасы едім”: Гүлнұр Мамасарипова «Кәрі қыз» фильмі арқылы қоғамға үндеу жасады

Танымал кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова су жаңа кино туындысына қатысты Stan.kz тілшісіне аз-кем ойын бөлісті. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/ Күні кеше продюсердің "Кәрі қыз" атты фильмі көрерменге...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика