Миннесота университеті үшінші курс аспирантын емтихан кезінде жасанды интеллект қолданды деген айыппен оқудан шығарды.
33 жастағы Хайшань Ян есімді қытай азаматы өзіне тағылған айыптың жалған екенін айтып, сотқа шағымданған. Студенттің жазба жұмысын тексерген мұғалімдер оны ChatGPT көмегімен жазылған деп таныды.
Ян — жасанды интеллект көмегіне жүгінгені үшін оқудан шығарылған Миннесота тарихындағы алғашқы студент. Сhatgpt 2022 жылдың соңында білім алушылар арасында кеңінен таралып, қолжетімді бола бастаған еді. Академиялық ортада осындай «алаяқтықтың» етек алуына оқытушылар қатты алаңдаулы.
2023-2024 оқу жылында Миннесота университеті жасанды интеллектті қолданғаны үшін оқудағы алаяқтыққа кінәлі 188 студентті анықтады.
Сот құжаттарында Ян бұл айыптау — эмоционалды күйзеліс пен кәсіби сәтсіздіктерді тудырды деп жазады. Шетелдік студент ретінде ол шегерімге байланысты визалық мәртебесін жоғалтты.
«Менің жағдайда бұл өлім жазасы», — деді Ян MPR News-ке.