Қазақстандықтар 53 жаста зейнетке шыға ма?

Оқи отырыңыз

Мәжілісмендер бұған дейін ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың зейнет жасын 53 жасқа дейін төмендетуді ұсынған болатын. Еңбек министрлігі өкілдері мұндай мүмкіндік қарастырылып жатқан-жатпағанына қатысты сұраққа жауап берді. 

«(Зейнеткерлік жасты – ред. ескерт.) 53 жасқа дейін қысқарту туралы ұсыныстар бар. Былтыр депутаттармен талқыладық. Бірақ жалпы алғанда: мұндай балаларға ата-аналары күтім жасайды, балаларында ауыр формадағы мүгедектігі бар болса, олар сондай-ақ жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады, өйткені бала үнемі күтімді қажет етеді, бірақ нақты шешім жоқ», — деді Асқарбек Ертаев.

Ол сондай-ақ осы санаттағы азаматтардың зейнетақысы мен жәрдемақысының мөлшерін арттыру қаншалықты мүмкін екеніне де тоқталды.

«Министрлік сарапшылармен талқылап жатыр. Зейнетақы немесе жәрдемақыны көбейту үшін есеп-қисап керек, заңдарға түзетулер енгізілуі қажет. Біз бұл мәселені қарастырған жоқпыз. Бірақ мәжіліс қабырғасында да, сенат қабырғасында да талқылаулар жүріп жатыр. Біз де қатысып жатырмыз, бірақ нақты шешім жоқ. Десе де талқылау жүріп жатыр», — деді ол.

Еске салайық, былтыр қарашада мәжіліс депутаты Динара Наумова қазақстандықтардың кейбір санаттарына 53 жастан зейнетке шығуға рұқсат беруді ұсынған болатын. Депутат жұмыс істейтін мүгедектігі бар азаматтарға зейнетке 53 жаста шығуға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды бағып отырған ата-аналарға қосымша демалыстар енгізе отырып, зейнетке 53 жаста шығуға рұқсат беру туралы ұсыныс айтқан еді.

Соңғы жарияланымдар

Кинотерапия: Депрессиядан шығуға көмектесетін фильмдер

Кинотерапия – адамның психологиялық әрекетіне әсер етудің бір құралы. Кинотерапияның мәні белгілі режиссердің фильмдерін қолдана отырып адамның ішінде жасырылған...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика