Аутизмді ерте анықтау жолдары қандай? Маман кеңес берді

Оқи отырыңыз

Алматыдағы аутизм орталығы басшысының орынбасары Марина Забродина аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) және даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тәсілдері туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының пікірінше, ата-аналар назар аударуы қажет алғашқы белгілердің қатарына мыналар жатады:

  • тіктеп қарамау;
  • өз атын атағанда назар аудармау;
  • ым-ишара білдіре алмау;
  • қол бұлғау, заттарды бір қатарға қою;
  • қауіпті сезбеуі;
  • агрессия.

Маманның сөзінше, ата-аналар осындай ерекшеліктерді неғұрлым ертерек байқап, мамандарға жүгінсе, баланың қоғамға еніп кету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Марина Забродина аутизм белгілері бар балалармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін айтты:

  • сабырлы және мұқият болу;
  • баланың айналасын қауіпті заттардан тазарту;
  • бала мен оның ата-анасына шамадан тыс назар аудармау.

Сонымен қатар, осындай ерекше баласы бар ата-аналарға ескерту жасауға, кеңес беруге, балаға ойыншық немесе тамақ ұсынуға, айғайлауға немесе шұғыл қызметтерді себепсіз шақыруға болмайды.

Соңғы жарияланымдар

Кинотерапия: Депрессиядан шығуға көмектесетін фильмдер

Кинотерапия – адамның психологиялық әрекетіне әсер етудің бір құралы. Кинотерапияның мәні белгілі режиссердің фильмдерін қолдана отырып адамның ішінде жасырылған...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика