Белгілі кинопрдюсер, актер, жүргізуші Нұрлан Қоянбаев ешқандай нәтиже көрсетпейтін, үнемі жеңіліс табатын спорт салаларына қатысты пікірін білдірді.
Ол мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын командаралрдың кейбірі нәтиже көрсетпейтініне қынжылатынын жеткізді. Әсіресе, хоккей клубының қарқыны төмен екенін ашып айтты. Қоянбаев өзінің инстаграм парақшасында:
«Барыс» командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр? Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда «1-10» есебімен ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. «Астана» велокомандасы жыл сайын қазынадан ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ!», — деген жазба қалдырды.