«Мені қаралап, жала жапты»: Әнші Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығына ұшырағанын айтты

Оқи отырыңыз

Әнші Мақпал Исабекова өзін жақындары сатып кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/makosyai

Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Сатқындық алыстан келмейді. Олар әрқашан жанымызда, кейде соншалықты жақын, біз күтпеген жерден келеді”, – дейді әнші.

Ол барлығын алдын ала сезгенін, бірақ ішкі түйсігіне сенгісі келмегенін айтады.

“Түрлі сылтаумен мені қаралап, артымнан сөз айтып, ғайбаттап, жала жауып, кейін менімен бір дастархан басына жайбарақат отырғандар, мен сіздерді білемін. Мен сіздердің менің адамым емес екендеріңізде сезгенмін. Мұны осы жасымда ғана түсінгенім өкінішті, сіздермен араласу қымбат уақытымды босқа өткізу болды. Басқалардың өмірін ойламай, тек өз өміріңізлеріңізбен айналысатындай бақытты өмір сүріңіздер. Өйткені, нағыз бақытты адамдар әрқашан мейірімді болады», – дейді Мақпал Исабекова.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар