Алматы кітапханалары Қазақстандағы ең үздік деп танылды

Оқи отырыңыз

Түркістан қаласында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің кезекті көшпелі жұмыс отырысы болып өтті.

Одақтың жиынында Алматы кітапханаларына арнайы сыйлық берілді. Алматыда 28 қалалық кітапхана бар. Олардың үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Алматы кітапханаларының кітап қоры 1,3 миллионнан астам кітапты қамтиды. Сонымен қатар, автоматтандырылған кітапхана жүйесі енгізіліп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алматы кітапханалары директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлы

Алматы – Қазақстанның жетекші мәдени және ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қалада Алматы Кітапханаларының қарамағындағы 28 кітапхана, оның ішінде, 2 орталық, 17 бұқаралық және 8 балалар кітапханасы, сондай-ақ 1 кітап беру пункті табысты жұмыс істейді. Алматы Кітапханалары оқырмандармен жұмыстың инновациялық әдістерін пайдалана отырып, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін кітапхана ісіне озық технологияларды енгізе отырып, белсенді түрде дамып келеді.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар