Қызыл далап жағу дәстүрі қайдан келді? Неге оны батыл қыздар жағады?

Оқи отырыңыз

Қызыл далапты қолданған алғашқы әйел Ежелгі Египет патшайымы Нефертити болуы мүмкін. Берлин музейінде сақталған патшайымның мүсінінде де оның ерні қып-қызыл. Бұл туралы америкалық журналист Рейчел Фелдер 2019 жылы шыққан  «Құпия қару. Қызыл далабтың тарихы» атты еңбегінде жазады. 

Египет потребовал вернуть бюст Нефертити из немецкого музея

Қызыл ерін далабы қашан пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір тарихшылар оны ойлап тапқан шумерлер деп санайды. Ежелгі Римде қызыл далапты тек ауқатты отбасынан шыққан қыздар ғана жаққан.. Ежелгі Мысыр бойжеткендері еріндерін қызыл түсті балдырға йод пен улы бром қосып бояған. Бұл адам өміріне аса қауіпті, «ажал шақыратын» қоспа болатын.

Орта ғасырда діннің ықпалымен Еуропа қыздарына қатты боянып, сәнденуге тыйым салынды. Ал, қызыл далаб жағып көшеге шыққандар инквизиция сотына ұшырап, отқа жағылуы ықтимал болды. Ауыр жазаға ұшыраудан қорыққан қыздар еріндері көзге түспес үшін ақ түске бояп қоятын болды. Оның дәлелін, Орта ғасырлық суреттерден байқауға болады.

средневековые фрески

Ренессанс дәуірінің келуімен «сұлу болу —  қылмыс» деген қағида ескірді. 

Ағылшын патшайымы Елизавета I ерінді қызыл түспен бояу дәстүрін қайта жаңғыртты. Ол шіркеу қызметкерлерінің «ерінді қызылға бояу  — сайтанның азғыруы» деген пікірін мүлдем  елемеді. Патшайым қолданған ерін далабы інжір шырыны, жұрыртқаның ақуызы мен кошеиниль қоңызының қоспасынан әзірленді. Бұл бояуды патшайымның өзі ойлап тапты деген дерек те бар. Осылайша, оның ізімен қаншама ару  қызыл  бояуға қызыға түсті.

Елизавета I

XVIII ғасырдың зиялы қауым қызыл бояу жаққан қыздарға деген көзқарастарын күрт өзгертті.  Ал Ұлыбритания үкіметі тіпті ерін далабына заң жүзінде тыйым салады. Жұрт қызыл далап жаққан қыз-келіншектерді «мыстандар» деп атай бастады.

Парики | Пикабу

Орта ғасырда Францияда далаптар ер адамдарға арналып шығарылған. Олар мұрттары мен сақалдарына қарағанда, еріндері үлкенірек көрінуі үшін далап жағатын болған. Ал әйелдерге бұл косметикалық құралды пайдалануға қатаң түрде тыйым салған. Тек арада бірнеше ғасырлар өткеннен соң ғана ерін далабына деген ой-пікір түзеле бастады.

1870 жылы француздық Guerlain бренді қауіпсіз ерін далабы өндірісін бастады. Оның құрамында май мен балауызбен араласқан грейпфрут сығындысы бар еді. Ерін далабы ұстауға ыңғайлы дөңгелек футлярға құйылды. Алғашқы далаптың атауы француз тілінен аударғанда «мені ұмытпа» деген мағына беретін еді. («Ne m’Oubliez pas»)

первая помада от герлен

Танымал адамдардың арасында қызыл далап жағып көпшілік алдына шыққан алғашқылардың бірі актриса — Сара Бернар болды. Алайда, ол өз шешімі үшін қаптаған сынның астында қалды. Соған қарамастан, актрисаның батылдығының арқасында сұлулық индустриясында бетбұрыс басталды.

1900 – 1920 жылдары қызыл дабаб — феминизмнің басты символына айналды. Көптеген әйелдер өз құқықтары қорғалған қоғам орнату үшін алаңдарға қып-қызыл далаб жағып шықты. 

1912 жылы мыңдаған әйелдер құқығын қорғаушылар (суфражисткалар) Нью-Йоркте қызыл ерін далабымен демонстрацияға шықты. Содан бастап, қызыл түс — әйелдер батылдығын бейнелейтін, еркіндіктің, өрлік пен өжеттіктің жарқын үлгісі болып саналады. 

1950 жылдардан бастап қызыл далаб — әйедердің айнымас серігіне айналды. Телеэкран мен журнал беттеріне шыққан арулардың бәрі қып-қызыл еріндерімен көзге түсті. Олардың арасында — Мэрилин Монроның батыл образдарын айтпай кету мүмкін емес.

Мэрилин Монро

Бір қарағанда ешқандай маңызы жоқ болып көрінетін қызыл далаптың біз білмейтін осындай құпиясы бар екен.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар