«Мәңгілік бала бейне» шығармасы Семей яролық полигонынан зардап шеккен жас қыздың ауыр тағдыры туралы жазылған жазушының шоқтығы биік шығармасының бірі. Осы әңгіменің желсіндегі пьеса алғаш рет 1996 жылы Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Режиссер Болат Атабаев қойған «Мәңгілік бала бейне» пьесасы әлі күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді.
Шығарманың жазылу тарихы
Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол — Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің арасынан Роза Мұқанованың назары бір кішкентай қыздың суретіне түседі. Шамамен, 5-6 жастағы бүлдіршін қыздың көзінен үлкен қасіретті көруге болатындай. Суретке жақындай бергенде, жазушы «Еңлік. Оның жасы 14-те» деген астындағы жазуды оқиды. Түр-әлпеті жас баладай, ал аяқ-қолы өскен қыз жүзі мәңгілік бала бейнені сақтап қалған. Мүгедек қыздың жанары қатты әсер еткені соншалықты, Роза Мұқанова үлкен шығарманы дүниеге әкелді.
Жазушы жаұында «Таңшолпан» бағдарламасында болып, сұхбат барсында осы шығармасын тілге тиек етті:
«Бұл қойылымның сахналанып келе жатқанына отыз жылдай уақыт болды. Оны талай көріп келе жатырмын. Жақында бір жүрек тебінернтер сәт болды. Тараздағы қойылым аяқталғанда сахнаға шықтық. Сонда «Ләйләні» сомдаған актриса: «Апай, сізге рахмет!» деп айтты. Баяғы бала кезімде жазған «Ләйләм» келіп айтқандай қатты толқыдым. Ол енді актердің шеберлігі ғой, көз алдыма кейіпкердің бейнесі тіріліп келгендей болды.
Сол кезде мен кейіпкерімнің алдында қарыздар сияқты, соның алдында кәнілі сияқты сезіндім. Ләйләні осынша неге шаршаттым, неге тебіренттім? Қоғамның дағдарысын, қыздың зарын осылай тым ауыр жекізуге бола ма? — деп жасым алпыстан асқан шағымда ойланып қалдым. Өзім жазған «Ләйләні» аядым…»