Мина Сейітқызы Сейітова – Қазақ радиосының ардагері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, радиохабар тарату іcінің қайраткері, КСРО-ның құрметті радисі, еңбек ардагері. 1919 жылы 25 тамызда дүниеге келген.
Қазақ радиосында 1934 жылдан бастап, қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен, «Отан соғысы кезіндегі тылдағы қызметі үшін» орденімен, «Жеңіске — 40 жыл» медалімен, ҚазССР Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Дарынды диктор радиоға келгенге дейін медицина институтында Мәншүк Мәметовамен бірге оқыған. Оның сөйлеу шеберлігіне Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловскийлер ризашылық білгірген.
Микрофон алдында 44 жыл қызмет етіп, талай дикторларға, сонымен қатар Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Мұқағали Мақатаев сынды ұлттық мәдениетіміздің марқасқаларына ұстаз болған. Оны Юиий Левитан, Елизавета Емельянова сияқты Одаққа танымал дикторлар құрмет тұтты. 1943 жылы радионын жетекші дикторынан аға дикторына ауысқан Мина Сейітқызының орнына Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев қызметке алынды.
Балалық шағы
Мина ата – анасынан ерте айырылды, ал оны әпкелері мен ағаларымен бірге әкесінің ағасы-Қорғанбек деген кісі асырап алады. 1920 жылдардың аяғында Қорғанбек аштықтан қашып, бүкіл көп балалы отбасымен Алматыға қоныс аударды. Мұнда Мина № 12 мектеп-интернатқа түсіп, оны 1937 жылы бітірді.
Ол өзінің еңбек жолын мектеп оқушысы кезінен бастаған. Көркемөнерпаздар концерттеріне қатысып, өлеңдер оқып, әндер орындай отырып, ол керемет көркемдік қабілеттерін көрсетті. Осындай концерттердің бірінде оның талантын қазылар алқасы байқады, оның мүшелері Ахмет Жұбанов, Александр Затаевич, Евгений Брусиловский, Бейімбет Майлин болды. Мәселен, 1934 жылы он бес жасар қыз Мина Сеитова Қазақ радиосында жұмыс істеуге келді. Ол кезде қаршадай қыз радио саласының майталманы болатынын әлі сезген де жоқ. Өйткені, ол дәрігер болуды армандап, мектепті бітіргеннен кейін медициналық институтқа түсті.
1938 жылы Мина Бәкібай Бейісовқа тұрмысқа шығады. 1939 жылы олардың тұңғыш ұлы Марат дүниеге келді. Радиода жұмыс істеуді, медициналық институтта оқуды және отбасылық міндеттерді біріктіру нәзік жанды әйел үшін оңайға түскен жоқ. Сондықтан, оған дәрігерлік мамандықтан алыстауға тура келді.
Соғыс жылдарындағы еңбегі
Сұрапыл соғыс жылдарында халық үшін жалғыз ақпарат көзі — радио болды. Осы уақыттарда Мина Сейітова есімі ел жадында нықтап сақталды. Майдандардан келген Радионовости, «Совинформбюроның» қысқаша мазмұны халыққа дәл осы Мина анамыздың үні арқылы таралды. Сол жылдардағы барлық адамдар сияқты, ол да дамыл көрмей, тынбай, жалықпай жұмыс істеді. Тіпті, балаларын жұмысқа әкеліп бағуға мәжбүр болған кездері де аз емес.
1945 жылы қарашада Мина Сейітова Талдықорған радиокомитетіне ауысып, күйеуінің жаңа қызмет орнына, Талдықорған радиокомитетіне кетеді. Мұнда оны Талдықорған қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты етіп сайлайды.
1950 жылы минаның отбасы Алматыға, ал Минаның өзі Қазақ радиосына оралады. Ол Мәскеу мен Ленинградқа дәрістер мен семинарларға бара бастады. Республикада әйгілі адам болғанына, шәкірттері болғанына қарамастан, Мина әріптестерінен дикторлық шеберліктің құпияларын үйренуді жалғастырды.
Шәкірттері
Мина Сеитова бір өзі жемісте еңбек етіп қоймай, қазақ радиосына елеулі еңбек еткен көптеген тұлғаларлы тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында: Қазақ КСР Халық әртісі Әнуарбек Байжанбаев, КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаев, Қазақ КСР Халық әртісі Замзагүл Шәріпова, белгілі қазақ жазушысы және ақыны Мұқағали Мақатаев, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Мәмбет Сержанов, Геннадий Марюхин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сауық Жақанова және басқалары бар.
Мина апайды білетіндердің бәрі оның қарапайымдылығын, жауаптылығын, адамгершілігін ерекше айтып өтеді. Ол көмек сұрағандардың барлығына қол үшін созатын жомарт жан болып замандастырының есінде қалды.
1987 жылы 18 сәуірде қазақ радио саласына жарқын үнін қалдырған диктор өмірден озды. Биыл Мина Сейітованың туғанына 105 жыл!
Дереккөз:: https://qazradio.fm/kz/news/14588/