Тармақтардан тағы бір жаңа туынды

Оқи отырыңыз

Бала кезімізден бізге үлкендер «кітапты сызуға болмайды!» деп үйретті. Кітаптан алған әсерді сол парақтарға шимайлап жазып қойғың келетін кездерде не істейміз?

Қазақ әдебиетінде өз ойларың мен сезімдеріңді жазып қоюға болатын ерекше форматта кітап жарық көрді. Олар «Google-да жоқ сұрақтар» және «Google-да жоқ ойлар» деп аталады.

Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің эстетикасына айналған Tarmaqtar жобасы тағы бір тың туындысымен бөлісті. Қойын дәптердің стиілінде жасалған кітапша — «Сезім хаттары: Махаббат күнделігі» деп аталады. Бұл туындыны кітап десе де, күнделік десе де болады. Өйткені, ішінде небір романтикалық, сезім мен махаббатқа толы жазбалар бар. Жазбалардың авторы ақын — Еламан Төлеутай. 

 

Кітап-күнделіктің форматы ерекше. Бұл күнделікті ғашық жандар сатып алып, өз махаббат хикаясын жазып шықса болады. Күнделікте бірнеше тараушалар бар. Оны оқырман қалағанынша безендіруіне болады.

  • Махаббат келісімшарты
  • Әсерлі жазбалар
  • Әуендер
  • Гүл сыйлаған апталар және тағы да басқа қиялға қанат бітіретін беттері бар.
Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар