Кейде оқырманды терең ойға қалдыру үшін том-том кітап қажет болса, кейде бір сөйлеммен-ақ жан-дүниені қопарып тастауға болады. Сөз құдіретінің осындай қасиетін шебер пайдаланып, қысқа әңгіме жанрын дамытып жүрген Жалғас Қазыбек осы бағытта жазылған екінші туындысын оқырманға ұсынды. Бірнеше сөйлемнің бойына қоғамның ауыр дерті мен ащы шындығын сыйдырып жүрген қаламгер кітабының атын — «Аққұйын» деп атаған. Бұл туралы автор:

ЖАЛҒАС ҚАЗЫБЕК. ЕҢ ҚЫСҚА ӘҢГІМЕЛЕР | Dingek

 «Кітаптың атауын қоярда көп ойландым. Тұңғышыма есім таңдағандай тұла бойым толқып, көңілім аласұрып, әжептәуір қиынға соққан еді. Кейін кітаптың неден туғанына назар салдым. Өзімнен, өз жүрегімдегі алай-дүлей сезімдердің борандатқан әсерінен туған әңгімелерді солай сипаттағанды жөн көрдім. Ал қазақта бой бермей, ышқына соққан дауылды желді “Аққұйын” деп атайды…»

Жалғас Қазыбек: Аққұйын: купить книгу по низкой цене в интернет-магазине Meloman | Алматы 1453169Купить Книга Жалғас Қазыбек : Аққұйын 2 в Алматы – Магазин на Kaspi.kz

Әдебиет табалдырығын аттап жатқан жас автормен сұхбаттасып, болашақ жоспарлары жайлы сұрадық…

  • Қазіргі таңда қай салада жүрсіз? Қандай бағытта жұмыс істемек ниеттесіз?

Қазағымның жарасын мен де бір адамдай жамаймын-ау деп, қазіргі таңда әдебиет һәм мәдениет саласында бой көрсетіп жүрмін. Мамандығым мұғалімдік болғанымен, үйретуден бұрын үйренуге құлшыныс білдіріп, шығармашылыққа да көңіл бөліп, өлеңімді өрнектеп, әңгімемді салмақтап, тіпті, ара-тұра театр қойылымдарына да пьеса, драма жазып жүрген жайым бар. Ұлтқа қызметі бағыты – ең негізгі бағытым!

— “Аққұйынды” жарыса оқып, талдап жатқандар көп. Сынап жатқандар бар ма?

Әрине, бар. “Жігітті, бірде, майданда сына, Бірде, бейғамда сына”- деп, аталарымыздың айтқаны да бекер емес. Сөйте-сөйте үйренеміз, халық айтса, қалып айтпайды. Ал орынсыз сынап, әңгімені әжуаға айналдырып жүргендерге айтарым жоқ. Әркім өз ойынан хабар береді ғой…

 

— Жазушы өзі өмір сүріп отырған қоғамның мәселесін көтеруге мүдделі ме? Бүгінгі замандастарыңыздан кімнің шығармашылығын бағалайсыз?

Мүдделі. Бауыржан атам: “Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз”- деп нақ айтып кеткен. Дәл солай, бүгінгі күні де бүгінгі күннің балшығын илеп емес, жан сырын сүйреп жеткізетін, сұмдықты сезбейтін емес, шындықты көздейтін жазушылар керек-ақ! Бүгінгі замандастар дегенде, қатарластырымнан бұрын алдымен аға буын өкілдерін атағым келеді. Күні кеше Қанат Әбілқайыр ағамның “Ағыраптағы аты жоқ адам” атты кітабын тауыстым. Қандай көркем, қандай шұрайлы, шынайы шығарма! Бағаладым. Өлең іздесем, Ерлан Жүніс, Қуаныш Жазай, Дәурен Тілеухан ағаларымды оқимын. Жақын бауырым Шәміл Несіпбайдың өлеңдері қандай, шіркін! Бәріңізге оқуға кеңес беремін!

– Балам, ертең Арал теңізіне барамыз.
– Құммен ойнауға ма, ата?

***

Хормен: – Бізге балалар үйі ұнайды!
– Болды, түсіріп болдық, бара беріңдер.

***

Өгей әкесі оған көзіңді жұм деді. Сол түні бейкүнә ару көз жұмды.

***

Ол ғаламтордан бүйректің бағасын іздеді.

***

– Ата, апам екеуіңіз қалай таныстыңыздар?
– Ол менің жеңгем еді.

Үзінділер "Аққұйын" кітабынан алынған