Қазақ қыздары туралы деректі фильмдер топтамасы түсірілді

Оқи отырыңыз

Тарихқа мәңгілік із қалдырған қазақ қыздары мен әйелдері өте көп. Алайда, олардың өмір жолы мен еңбек жолын зерттеу мен насихаттау ісі енді нықтап қолға алынып жатыр. Осындай, іргелі ізденістен туған жобаның бірі — «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы.

Жоба мақсаты – тарихтағы әйелдердің субъективтілігін көрсету, олардың ғылымдағы, ағартушылық пен мәдениеттегі рөлі, репрезентациясын насихаттау.

Қазақ мемлекеттілігін қалыптастырушылар, ғалымдар туралы айтылғанда қазақ әйелдерінің дара тұлға ретіндегі еңбегі мен сабақтастығы назардан тыс қалып келген.  Олардың қатарында жұрт Міржақыптың әйелі деп танитын Ғайнижамал Дулатова бар. Қазақ қыздарынан шыққан алғашқы журналист-ағартушы Нәзипа Құлжанова бастаған бір топ әйел Алаш қозғалысы үшін еңбек етті. «Айқап», «Қазақ» сияқты басылымдар арқылы қыздардың көзін ашты, ұстаздық етті, ғылыммен айналысты. Ұлт көсемінің қызы Зейнеп Бөкейханованың медицинадағы еңбектерін көбі танымайды. Қазақ даласындағы алғашқы әйел дәрігерлер Гүлсім Асфендиярова, Аққағаз Досжанова, Мүбинә Ниязова жұртты емдеп қана қоймай, газет-журналдарға гигиена, тамақтану мен денсаулық туралы мақала жазып, білгенімен бөлісті.

Деректі фильмде жекелеген тұлғалардың қалыптасуы, өмір жолы, сабақтастығымен қатар әйел эмансипациясына қатысты саяси идеология талданады. Бағдарламаны «Қазақастан» ұлттық телеарнасынан тамашалауға болады. Деректі фильмді тізгіндейтін  документалист, журналист — Әлия Әшім. 

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар