Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасынан қазақ қыздары күміс алып қайтты

Оқи отырыңыз

Польшада өткен қыздар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстанның қыздар құрамасы шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан құрамасында маңғыстаулық 19 жастағы Бибісара Асаубаева өнер көрсетті.

Қазақстандық шахматшы қыздар Әлем чемпионатының ширек финалына өтіп, Украина, Үндістан, Франция және Египетті басып озып, А тобында бірінші орынды иеленді. Ширек финалда біздің команда Германияны, ал жартылай финалда Францияны жеңді. Финалда олар Грузия құрамасына қарсы лайықты күрес жүргізді.

Ең жас құрама финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, соңғы ойында, өкінішке қарай, қазақстандық ойыншылар Грузияға жол берді. Чемпионатқа командалық рейтингте ең жоғарғы 12 команда 2 топқа бөлініп, күш сынасты.

Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова, Әсел Серікбай, Ксения Балабаева өнер көрсетті.
Бүгінде Қазақстан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында жүлде алған 6 мемлекеттің біріне айналды. Қазақстанның бұған дейінгі ең жақсы нәтижесі ширек финал еді. Польшаның Быдгощ қаласындағы нәтиже— тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш!
Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар