Youtube желісінде әртүрлі спикерлерді шақырып, әдебиетіміздегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған «Әдеби терапия» атты подкаст көрерменге жол тартты.
Аталмыш бағдарламаға сценарист, редактор Перизат Мырзахмет қонақ болып, бірқатар мәселелерге қатысты көзқарасын білдірген болатын. Қазақ қыздарының өмірін экранизациялауға өз үлес қосып жүрген ол:
-«Әйелдер өзі туралы көбірек жазу керек. Бұл тек жалғыз қазақ әдебеитінің проблемасы емес. Әлем бойынша әдебиет тарихында әйел жазушылардың саны өте аз. Бұл әйелдер жаза алмайды деген сөз емес. Оларға жазуға мүмкіндік берілген жоқ. Олар бала туралы тақырыптан асып кете алмай, біраз бөгеліп қалды деуге болады. Мысалы, қазақ әдебиетінде Алтыншаш Жағанова деген жазушы бар екенін көбі біле бермейді. Ол кісінің өмір бойы ұлмын деп ойлап келіп, бір күні қыз екенін білген бойжеткеннің психологиясын жазып шыққан керемет шығармасы бар. Бірақ, бұл шығарма кең таралмаған, насихатталмаған. Мен автордың осындай қыз, әйел тағдыры туралы туындыларының қайта басылып шыққанын қалар едім…» деген пікір білдірді.
Подкасттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көре аласыздар. https://youtu.be/7PxZEtj7AmM?si=QKUkxwgAnT0PEY-C