Қазақ прозасы тағы бір тың туындымен толықты

Оқи отырыңыз
Бейбіт Шегебайұлы Сарыбай 1983 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.«Рауғаш ерте гүлдейді», «Мейірім» кітаптарының авторы тағы бір туындысының тұсауын кесті. Әңгімелер жинағы «Мөп-мөлдір көздің қарасы» деп аталады.
Кітапта «Шеткері үйдің тағдыры», «Бақытты Жамал» және өзге де прозалық шығармалар бар. Бейбіт Сарыбай – бүгінгі жас буынның жадында жаңғырып тұрған есім. Ол әуелде өлең жазды. Кейіннен балалар әдебиетіне ден қоя отырып жазған дүниелері кітапхана сөрелерінен орын тапты.
2020 жылы тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартқан кітап қайта басылып, әдебиетсүйер қауыммен қайта қауышып отыр.
Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар