Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Оқи отырыңыз

 

Жеті қазынаның бірі, қазақтың тұрмыс-тіршілігінен ойып тұрып орын алатын «тазы иті» біздің ұлттық бренд қатарына қосылды. Қазақ жерінде тазының құмай, қайың қаптал, ауған, орыс, түрікмен деген түрлері ұшырасқан. Қазақы тазыны тау тазысы және дала тазысы деп бөлген. Тазылар тек мал-жанды қорғаумен емес, аңшылық өнеріне белсене қатысуымен ерекшеленеді. Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын («Kazakh Tazy») ресми түрде ит тұқымы деп  тану туралы шешім қабылдады. Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Қазақ тазысы – ұлттық құндылығымыз
«Бүгін сіздердің елдеріңіз үшін де, біз үшін де тарихи күн. FCI Стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды.Құттықтаймын! Алдағы уақытта сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тестілер жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі, бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазіргі таңда өте маңызды
мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады», — деді FCI Lпрезиденті Тамаш Яккель.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар