Рейчел Холлис — қалың оқырманға тек жазушылықпен ғана емес, мотиватор, блогер ретінде де танымал. Ол төрт баланың анасы бола жүріп медиа-компанияның жетекшісі әрі көптеген ауқымды жобалардың авторы.

Аталмыш кітапта қыз баласына қоғам тарапынан айтылып, әбден жауыр болған тақырыптар, жалған стереотиптер көтеріліп олардың ақ-қарасы ажыратылады.

Шығарма өте түсінікті тілде жазылған. Автор әр оқырманмен жақын құрбысы секілді сырласады. Тұлға ретінде қалыптасуға әсер ететін өмірлік кеңестер айтылады. Әлемдік деңгейде сұранысқа ие болған кітап ана тілімізге аударылып, оқырманға жол тартты.

  • Rachel Hollis Marks Daughter's 6th Birthday After Ex-Husband Dave Hollis'  Death: 'Our Wildflower'
    Автордың сөзірше, аталмыш кітапты оқығаннан соң сіз:
  • *өзіңізді басқалармен салыстыруды тоқтатасыз;
    * сізді шынымен бақытты ететін нәрсені анықтай аласыз;
    * жан жарақаттарын қалай жеңуге болатындығын білесіз;
    * маңызды нәрсені кейінге қалдырмауды үйреніңіз;
    *басқалардың жеңістеріне қуанасыз;
    * өз кемшіліктеріңізді қабылдап және оларды өз пайдаңызға жаратасыз;
    * сіз ұсақ-түйекке алаңдамайсыз;
    * сіз өмір сүрген әрбір сәттен ләззат алуды үйренесіз.