«Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтарға қарыздан құтылуға көмектеседі

Оқи отырыңыз

«AMANAT»-та халық арасында кеңінен сұранысқа ие партиялық жобалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысы қорытындыланды.

Аталған жоба екі жылдан аз уақыт ішінде мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды бөлігіне айналды. Партияның көмегімен 780 мың отандасымыздың қаржылық сауаты жақсарды.

Мемлекеттің барлық ресурсы ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Себебі бұл – президенттің саяси және әлеуметтік реформаларының басты мақсаты. Жиынға қатысушыларға қарата айтқан сөзінде мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов халықтың қаржылық сауатын арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасы елдегі жаңа саяси мәдениеттің үлгісіне айналғанын атап өтті. Жобаны табысты жүзеге асыру мақсатында партия, парламент, үкімет, жергілікті билік органдары, қаржы секторының өкілдері мен белсенді азаматтар бірлесіп жұмыс істеуде.

Мәжіліс спикері халықтың шектен тыс несие қарызына батуы қоғамдағы ең өткір проблемалардың бірі екенін жеткізді. Оны шешу мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі шаралар қабылдауда. Президент тапсырмасы бойынша жеке тұлғалардың банкроттығы және несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заңдар қабылданды, ал бес жыл бұрын біржолғы кредиттік амнистия жарияланып, 500 мың адамның несиесі кешірілді.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар