Жануарларға жауапкершілікпен қарау заң нормасында қарастырылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді.
«Шын мәнінде жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге шығаруға, көшпелі зообақтарға, көшпелі океанариумдарға және сол сияқты шараларға тыйым салатын норма көзделген», — деді министр.
Қазіргі таңда Қазақстанда бірнеше стационарлық цирктер жұмыс істейді. Олардың қатарында Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы цирктер бар.