Дене бітіміңізге сай шалбар таңдай аласыз ба?

Оқи отырыңыз

Шалбар — гардеробымыздағы ең ыңғайлы киім. Оны жұмысқа да, қыдыруға да, әртүрлі ауа райына қарамастан үйлестіріп кие беруге болады. Ең бастысы, өз дене бітіміңіздің қай типке жататынын біліп алсаңыз болғаны. Сонымен, ең кең таралған дене пішіндерінің бес түрі бар. Олар: алма, алмұрт, құмсағат, тіктөртбұрыш және төңкерілген үшбұрыш деп аталады.

  1. Құмсағат пішіндегі қыздарға шалбардың барлық түрі жарасады. Дегенмен кең балақты шалбарлар дене бітімін айшықтай түседі. Сонымен қатар, көлденең жолақтары бар немесе классикалық үлгідегі шалбарлар жақсы үйлеседі.

«Песочные часы» могут позволить себе носить любые брюки (https://emakar.ru)

2. Денесі тік төртбұрыш формасындағы қыздар галифе, бойфренд стиліндегі шалбарлар кисе болады. Бастысы, сол шалбарға сәйкес келетін кеудешені дұрыс таңдау керек. Мәселен, шалбардың балағы кең болса, кеудеше жинақы болғаны дұрыс. Ал кофтаның жағасы, гүлдері, акцент түсетін детальдары көп болса, сәйкесінше шалбардың қарапайым болғанына мән беріңіз.

«Прямоугольнику» нужны брюки, которые обозначат талию и добавят объема узким бедрам (http://www.yapokupayu.ru)

3. Өз денеңіздің параметрлері төңкерілген үшбұрышты есіңізге сала ма? Яғни, кең иықты, жіңішке аяқты арусыз ба? Онда сізге жуан белдігі бар кюлот шалбарлар жақсы жарасады. Жабысып тұратын скинни джинсыларыннан бас тартыңыз. Басқасының бәрі жарасады.

Фигура Кейт Миддлтон – «перевернутый треугольник». Если у вас такие же параметры, учитесь выбирать брюки у нее (https://emakar.ru)4. Бөксесі үлкен арулар ашық түсті шалбар кисе, бұл жамбасты тым үлкен етіп көрсетеді. Бұл, әрине, кемшілік емес. Дегенмен, келбетіңізді әсем, образыңыз жинақы көрінгенін қаласаңыз акцентті белдікке салыңыз. Алмұрт пішінді аруларға палаццо шалбары жақсы жарасады.

Брюки прямого кроя – идеальное решение для «груш» (https://lediinter.net)

5.Дене бітімі алма пішіндес қыздар карго,клеш,бермуд стиліндегі шалбарларды қорықпай кие берсе болады.Тек үстіндегі киімді шалбардың ышқырына тығыздап салып қоймаңыз. Фигура яблоко как одеваться: 100 фото, какую одежду носить в 2021

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар