1957 жылы Германияда талидомид атты дәрілік препарат сатылымға шықты. Бір жылдан кейін ол Еуропаның, Скандинавияның, Азияның, Африканың және Оңтүстік Американың 46 елінде 37 түрлі брендпен сатылып, халықтың зор сұранысына ие болды. Кейінірек Талидомид жүкті әйелдерге ұйқысыздықпен, жүрек айнуымен және басқа да аурулармен күресу үшін тағайындала бастады.
Алайда, 1959 жылдан бастап Grünenthal компаниясы пациенттерден препараттың жанама әсерлеріне байланысты шағымдар ала бастады, олардың негізгісі — желке, бет немесе аяқ-қол нервтерінің қабыну ауруы болатын. Осыған қарамастан, өндірушілер өз кәсіптерін тоқтату туралы шешім қабылдауға асықпады. Осылайша, талидомид әлемнің әртүрлі елдерінде кеңінен қолданыла берді.
Жарнаманың күшімен бұл дәріні сатып алуға ассықандардың арасында жүкті әйелдер көп еді. Олар жүкітік кезінде болатын токсикоздан арылудың ең күшті жолы — осы «ғажайып дәріні» ішу деп ойлады. Алайда, оқиғаның соңы өте қайғылы аяқталатынын ешкім болжаған да жоқ.
Арада бірнеше уақыт өткен соң жер бетінде аяқ-қолы жоқ сәбилердің дүниеге келуі жиілеп кетті. Мұндай ауыр дерттің күрт өсу себебін зерттеген дәрігерлер, мүгедек балалардың туылуына талидомид атты дәрі әсер еткен деген қортытындыға келді.
Осы уақытқа дейін әлемнің 40-тан астам елінде 10 мыңға жуық бала туа бітті мүгедек болып дүниеге келді, олардың жартысына жуығы ерте жаста қайтыс болды.
1971 жылы Германияның Денсаулық сақтау министрлігі арнайы қор ашты, оның негізгі міндеті талидомид құрбандарына өтемақы төлеу болатын. Белгілі бір балаға төленетін төлем мөлшері препараттың келтірілген залал дәрежесіне байланысты болды. Соттан кейін Ұлыбританиядағы мүгедек балалар да осындай қолдау ала бастады.