14-ғасырда Еуропада миллиондаған адамның өмірін жалмаған оба ауруы кең тарады. Тарих беттерінде қанды ізін қалдырған бұл кезең «қара індет» деп аталып кетті.
Пандемия сол кезеӊніӊ медицинасыныӊ әлсіздігін көрсетті. Сонымен бірге діни институттарыныӊ шарасыздығыныӊ дәлелі болды. Осыныӊ салдарынан көптеген пұтқа табынушылық ғибадаттар мен діндарлықтар қалпына келтіріліп, надандық кең етек жайған болатын.
Орта ғасырларда медицина алдап-арбаушылар мен діни түсініктердің аясында ғана дамыды. Адамдар ауру-сырқаудың себебін күнәні көп жасағанымздан деп түсінді. Сонымен қатар, кім де кім аурудың иісін сезбесе, демек ол адам аурды жұқтырмайды деген жалған түсінік те бар еді.
Бубонды оба эпидемиясы кезінде кең таралған бетперде осындай таяз түсініктерлің нәтижесі болатын. Оны француз дәрігері Чарльз Лорм ойлап тапты. Бұл киімдегі маңызды элемент — құс тұмсығы болатын. Бетперденің бұл бөлігіне хош иісті заттар, жұпар иісті шөптер – раушан жапырақтары, ладан, лавр, жалбыз, розмарин салынды. Дәрігерлер аурудың мүңкіген жағымсыз иісінен осылар арқылы қорғанды. Екіншіден, мұндай масканың тағы бір мақсаты – ауруды құстар алып жүреді және осындай сұсты киім ажал арқалаған құстарды қорқытады деп сенген.
Бұл киім таза былғарыдан тігілді. Маска адамның бүкіл денесін жауып тұратын ұзын плащпен ерекшеленді. Дәрігерлер бұл киімсіз ауруларды емдемек түгілі, жұқпалы ауру тараған қалаға кіруден бас тартты.