«Мінсіз қыз» өсіремін деп қандықол қылмыскерге айналған әйелдің оқиғасы

Оқи отырыңыз

 

undefinedИльдегарт Родригес Карбальейра — өз заманында өте танымал қоғам белсендісі, феминист әрі жазушы болған. Анасы оны қоғамдық істерге ерте баулып, 8 жасында төрт тілде сөйлейтін полиглот етіп шығарған. Ол заң факультетін аяқтап, небәрі 18 жасында әлемге атақты бола бастайды. Алайда, ақылына көркі сай арудың өмірі тамаша болды деп айту өте қиын. Себебі, ол бойжеткен шағында өз анасының қолынан қаза табады. Оқиға былай болған:

Жазушының анасы Аврора Родригес — өз қызын «мінсіз әйел» жасау үшін дүниеге әкелген екен. Яғни, балаға аналық махаббатпен қараудың орнына, өз қиялығындағы образды жасау үшін ғана өсірген.

Аврора балаға әке болуға лайық адамды ұзақ іздейді. Ол өзі сүйген адамды емес, генетикалық тұрғыдан жақсы кандидат болатын ер азаматты табуға тырысты. 1914 жылы ол ақылды, дені сау және әдемі адамды тауып, одан бала көтереді. 

Анасы жүкті кезінен бастап балаға қолайлы жағдай жасауды бастап кетті. Тіпті, ұйықтап жатқан кезінде әр бір сағат сайын оянып, дұрыс жатуын қадағалап, жатырдағы баланың қозғалысына мән беріп отырған.

Өзі жоспарлағандай қызы  2 жасында оқуды үйреніп,  4 жасында баспа машинасымен теруді меңгеріп, 8 жаста испан, неміс, ағылшын, француз тілдерінде еркін сөйлей алатын деңгейге жетті. 11 жасында қыз конференцияларда феминизм тақырыбында сөз сөйлеп, 13 жасында заң мектебіне оқуға түсті. 18 жасында Хильдегард жұмысшылар партиясын басқарды, гендерлік реформалар лигасының жұмысына белсенді қатысты.  Расында, Ильдегарт сұлу, талантты әрі талапты қыз еді. Тәрбиесі, өзін-өзі ұстауы, мемлекеттік істерге араласуы — бәрі өте жоғары дәрежеде болатын. 

Анасы қызының жетістіктеріне қатты қуанып, «мінсіз әйел» жасау деген жоспарының мүлтіксіз орындалып жатқанына дән риза еді. Алайда, бойжеткен қыз өз махаббатын кезіктіріп, онымен бірге қашып кеткісі келген жерден ұсталып қалады.

1933 жылы Аврора осы қылығы үшін қызын аса қатігездікпен атып өлтіреді. Сот залында айыпталып тұрған әйелдің: «Шебер өзі жасаған бұйымынан ақау тапты. Сондықтан оның көзін жойды» деп жауап бергені — оның бұл қылмысқа еш өкінбейтіндігін тағы бір рет дәлелдеді. Өз қызының басынан үш рет, жүрегінен бір рет атқан әйел 26 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын арқалап, түрмеге қамалды.

Жүректе махаббат болмаса, ақыл да адамды аздырады екен. Адамдық қасиеттен жұрдай әйелдің оқиғасы «мінсіз бала» тәрбиелеу идеясының утопия екенін түсіндіріп тұрған тәрізді. Ал сізге бұл жантүршігелік хикая қандай ой салды?

Aurora Rodríguez Carballeira trial murder

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар