Қазақстанда 9 жаңа құрметті атақ пайда болмақ

Оқи отырыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізімін кеңейтуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Президент өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақтар беру туралы тапсырмасын еске салды.

«Мемлекеттік наградалар жүйесіне тағы 9 құрметті атақ енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ел дамуына қосқан зор үлесін ескере отырып, «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы белгіленеді”, – деді Тоқаев бүгін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында.

Оның айтуынша, депутаттар қазірдің өзінде тиісті заңдарға өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

“2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладық. Келер жылы нағыз еңбекқорларға көңіл бөлінуі қажет.  Бұл еңбек пен кәсібилік құндылықтарын қоғамда кеңінен насихаттауға септігін тигізетініне сенімдімін», – деп қосты мемлекет басшысы.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар