Әлеуметтік желілердегі «әдемі өмірдің» жарнамасы жастарға зиянын тигізеді — Тоқаев

Оқи отырыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Президенттің айтуынша, әлеуметтік желілердегі әдемі өмір және «успешный успех» культі адамдарда бәріне оңай және қарапайым жолмен қол жеткізуге болады деген ой тудырады. Президент жастардың осыған сеніп, уақыттарын босқа өткізіп жатқанын атап өтті. 

«Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен «сәтті жетістік» деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр», – деді Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде.

Президент еңбекқорлық пен жауапкершілік ұлтымызға тән қасиетке айналуы тиіс екенін атап өтті.

«Мен еліміздің әрбір азаматының өмірлік мақсатының адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жету болғанын қалаймын. «Жауапкершілігі мол азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасының мәні де осында», – деді президент.

Президент жастарға сенетінін баса айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы жастардың өзін-өзі дамытауына кең мүмкіндіктер аша алатынына сенім білдірді.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар