«Қазақ әйелдеріне манифест» кітабына рецензия

Оқи отырыңыз

Қазіргі таңда бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді Нәзипа Құлжанова сонау жылдары жазғаны үлкен жетістік. Кейбір тақырыптардың тіпті ашылып жазылғаны да үлкен ілгеріңді даму. Халықтың тағдыры талаң-тараж дәуірде ғылымның насихатталуы елімізде тіпті кенже еді. Бірақ зерттеп, әйел жанын түсініп ашып жазған авторға риза болдым.

Бұл кітапты кімдер оқуы керек?

Көзі ашық, көкірегі ояу әр әйел баласының денсаулығына салғырт қарамайтын болса, бұл кітапты оқуы керек. Өйткені Нәзипа Құлжанованың еңбегінде бала дамуының барлық кезеңі қамтылған. Тіпті қазіргі кезде біз жаңалық деп оқып жүргеніміз сол кезеңде зерттеліп тасталғанытіпті таңғалдырды. Киіз үйде отырған, сауат ашпаған әйелдің нағыз жастанып оқитын кітабы болуы керек еді. Әттең, тоңның келтесі-ай. Егер сол кезеңде қолға алып, әр ана баланы қалай күту керек екенін білгенде өлім-жетім де аз болар ма еді? Бақсы-балгерге сенетін адамдар қазір де маркетиң құрбаны болып, баласының ауызына әрнәрсені тықпалап жүр. Бәрінен бұрын қай кезеңде болмасын балаға обал.

Иә, кейбір ғылыми деректер қазіргі дәлелденген медицинаның тұжырыман керағар шығар, бірақ ол кезеңде бұл нағыз жаңалық еді. Бастысы баланы 6 айынан бастап тамақтандыруды, ауызы уылығанда қалай емдеуді, санаулы ғана екпе болса да егулуді автор үндеп отырған. Бұл жанашырлықты естіген құлақ, орындаған адам болды ма екен? Әй, қайдам болмады-ау. Қазір де баяғы жартас сол жартас сияқты. Ананың сауаты бәрінен де маңызды.

Бала сөйлемесе, миы да дамымайтынын тұшымды дәлелмен жазған автор қазіргі кезеңнің өте ауыр тақырыбын көтерген. Қазақ баланың бойындағы әрекетті «еркелікке» тани салады. Себебін іздеуге асықпайды немесе мойындамайды. Алдын алу керек екенін білмейді. Тас түскен жеріне ауыр. Кейін зардабын шегеді. Ер адамнан гөрі әйел екі есе қиналады. Нәзипа Құлжанова әкесі ойнап, иіскеп, ал ауырса анасы шарасыз болатынын жазған. Қазіргі қоғам қамқор әкелердің уақыты. Осы тұрғыдан оң өзгерісімізге қуанамын.

Үндеу кітаптың тағы бір ерекшелігі әйел адамның босану кезіндегі ағзасының қалай жұмыс істейтінін ашық жазған. Етеккірі келсе, айтуға ұялатын кезеңде жыныстық сауатты сол кезеңде жаза білуі – жетістік, тіпті жаңалық дер едім. Осы тұрғыдағы жыныстық сауатты мектеп кезеңінде оқытса, қоғамдағы шараналар азаяр ма еді? Қыздан әйел болу тұсы қаншалықты қиын әрі жауапты екенін әр адам түсінгенде, «анаға» құрметі артар ма екен? Аяғы ауыр кездегі күтім, қырқынан шыққанша қалжалану, бала күтімі осының бәрі бір үлкен ұшы-қиыры көрінбейтін еңбек әрі даму үстіндегі ғылым.

Кітапты оқи отыра, бұл еңбек әлі де жалғаспай қалғаны сезілді. Ал кейбір тақырыптардың әлі күнге дейін өзекті болуы бір шеті қорқыныш сезімін ұялатты. Біз әлі де жылтыраққа емес, ғылымға бет бұрып оқудың кезеңінде тұрмыз. Өзіміз үшін, баламыз үшін, отбасымыз үшін оқу керек. Қоғамның діңгегі әйел және ол мықты болғаны маңызды!

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар