Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж кигізіліп және арнайы шапан сыйға берілді. Бұл шапан — Аида Кауменованың дизайнерлік туындысы. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген.
Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Ақерке Серікжан иеленсе, ал үшінші орын алматылық Назерке Мырзағалиеваға бұйырды.
Биыл байқаудың ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағаны. Себебі бұған дейін кім Қазақ аруы атанатынын қазылар алқасы анықтаған.