Қазақша кітап шығаруда табыстан гөрі энтузиазм басым

Оқи отырыңыз

Forbes Kazakhstan журналының тілшісі, құқықтанушы Кәмшат Тасболат өз мақаласында еліміздегі қазақша кітаптар мәселесін көтерді. Баспа басшыларынан қазіргі кітап шығару ісінің қарқыны туралы сұрап, білді. 

Соңғы жылдары қазақ тілінде кітаптарға сұраныс та, оны шығаратын баспалар саны да артып келеді. Алайда, бұл нарықта кітап түріндегі тауар айналымымен қатар өнім құны да жыл сайын өсуде. Баспагерлер отандық кітап шығару бизнесіне серпін беру үшін салық жүйесіне өзгерістер енгізу керек деп отыр.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша, соңғы жылдары бөлшек саудадағы кітап сату көлемі біршама артқан. Мысалы, 2022 жылы кітап түріндегі тауар айналымы 26,8 млрд теңге болса, 2023 жылы 44,5 млрд теңгеге жуықтаған. Сауданың басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына тиесілі.

Мұхиттағы тамшыдай…

Қазақстандық баспа үйлері былтыр жалпылай алғанда 70,2 млрд теңгеге қызмет көрсетсе, кітап шығару — оның тек төрттен бір бөлігін (16,7 млрд) ғана құраған. Яғни, кітап саудасының қомақты бөлігін Ресей секілді басқа елдерден келетін өнімдер құрап отыр, ал елімізге төл туындылар қажеттігі бұған дейін ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде көтерілген.

Әрине, қазіргі күні елімізде тек қазақша кітап шығаруды мақсат тұтқан баспалар да бар. Alqa Publishing баспасының директоры Бану Дәулетбаева бір жылдың ішінде 10-нан астам кітап шығарғандарын, тағы бірнеше кітапты баспаға даярлап қойғандарын айтады. Олар түпнұсқадан қазақшаға тікелей аударылған немесе жергілікті талантты қазақ авторларының жаңа кітаптарын жариялайды.

Мысалы, Қазақстан жазушылар одағының «Жас қалам — жаңа роман» жобасына қатысып, оқырмандар мен сыншылар жоғары бағалаған заманауи үш қазақ романын жарыққа шығарған. Тіпті баспа атынан өздері «Алқа» грантын тағайындап, байқауға келіп түскен жаңа шығармалар арасынан тағы үш кітап шығармақшы. Дегенмен, әзірге қазақ кітаптарын шығару барысында есептен гөрі энтузиазм басым.

Бану Дәулетбаева, Alqa Publishing баспасының директоры
«Алқа» баспасының директоры Бану Дәулетбаева

«Қазақ тілінде кітап шығаруды бизнес десек те, табысты бизнес деп айта алмас едім. Бірақ «ауызды қу шөппен сүртетіндей» емес, бұрынғыға қарағанда қазақ аудиториясы өсті, кітап оқу мәдениеті де қалыптасып келеді. Осы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып жүрміз деп ойлаймын, сол ойдан керемет қуанып кетемін. Кітап оқуды шамамыз жеткенше насихаттап, оқырманның қажеттілігін қанағаттандыруға тырысып-бағудамыз. Кітап оқуды насихаттау, кітап оқу дегеніміз — адами капиталды дамыту. Яғни, қазақша кітап шығару қазақ тіліндегі интеллектуалдық еңбек жоғары бағалана бастағанда бизнеске айналады», — дейді Alqa Publishing директоры Бану Дәулетбаева.

Баспагердің айтуынша, «қоғамдық сананың өсіп, өзгеруі кітапқа деген сұранысты да өсіріп, өзгертеді. Сонымен қатар, мұнда тіл мәселесі де бар. Бұрын қазақ тіліне аударылған шығармалардың көпшілігі орыс тілі арқылы аударылды. Ал қазір түпнұсқадан аудару қолға алынған. Кей жағдайда тіпті әлі орысшасы шығып үлгермеген кітаптар да аударылады».

Материалды толғырақ оқу үшін сілтемені басыңыз: https://forbes.kz/articles/kazaksha-ktap-shygaruda-tabystan-gor-entuziazm-basym-ced936

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар