Жазушы Мақсат Мәліктің «Ағаш адам» кітабы түрік тілінде жарық көрді

Оқи отырыңыз

Мақсат Мәлік — 21-ғасыр әдебиетіне өзінің қолтаңбасын қалдырып үлгерген шебер жазушы. Оның шығармалары оқырманды жалықтырмайды. Керісінше, «Енді не болар екен?» деген интригада ұстайды. Кейіпкерлердің есімдерінен бастап, іс-әрекеттеріне дейін қайран қалдырады. Қысқасы, қызықтыра жазып, салмақты ой тастайтын қаламгер.

Бірнеше жыл бұрын Мақсат Мәліктің «Құдық басындағы екеу», «Ескі үйге апаратын жол», «Зұлымдық портреті», «Барсик» және басқа да ерекше сюжетті туындылардан тұратын «Ағаш адам»  кітабы оқырманға жол тартқан болатын. Шығарма мистикалық фентези жанрында жазылған.

Ашур Өздемір: Мен жастардың шығармаларын аударғанда сыншы ретінде қарамаймын

Автордың осы тың туындысы енді түрік тілінде жарық көріп отыр. Кітапты қазақ тілінен аударған — Ашур Өздемир.  Аудармашы, түріктанушы ғалым бұған дейін 200-ден астам  қазақ жазушысының шығармасын түрік тіліне аударған болатын.

Түркі дүниесіндегі ауыз әдебиетімен де, жазбаша әдебиетімен де ең бай әдебиет – қазақ әдебиеті. Өкініштісі, түрік тіліне сол құнарлы әдебиеттің көр­кем­­дігі мен сұлулығын сақтап, жақсы аудара­тын адамдар аз. «Туысқан тіл ғой, аудара са­ламын» деп, жалпылама тәржімалайды, болды. Әр сөздің мәні мен мағынасын, көркемдік деңгейін жете ұғынып аудару мүлде қалыс қалып жатады. — дейді аудармашы. 

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар