Елянұр Тұрғанова – әлем чемпионы. Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кеше қазақтың қыз-жігіттері 3 бірдей алтын жүлде жеңіп алып, отандық бокс тарихын жаңғыртқан болатын.
Атап айтқанда, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев және Аружан Зейноллаева алтынға...
Жасөспірім кезеңде жүрген балалардың мінез-құлқы неге құбылады? Бұл кезден дұрыс өтпеген адамдарды болашақта не күтіп тұр? Оларға ата-анасы қандай көмек көрсете алады? Бұл туралы психотерапевт Бакимова Сая былай дейді:
"Адам өмірге келгеннен бастап тұлға болып қалыптасу жолында жеті үлкен кризисті...
АСТАНА. KAZINFORM – Unico Play онлайн-кинотеатрының қазақстандық «TWO» атты жастарға арналған сериалының трейлері әлемдік кинонарықтың ең танымал көрмесі MIPCOM-ға ұсынылған болатын. Қазақстандық өнім MIPCOM-ның Fresh TV секциясында Netflix, STUDIOCANAL және Beta Film секілді индустрияның әлемдік лидерлердің жобаларымен қатар көрсетілді....
Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде мультфильмдер түсіру мәселесін қозғады.
Оның айтуынша енді сапалы мультфильм түсіруге 350 млн теңге бөлінбек.
Қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы. Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар...
Қазақ халқы қыздарына тарихтың қай кезеңінде де жарқырап киініп, қалаған әшекейін тағуына мүмкіндік берген. Көздің жауын алатын бұйымдар арқылы арулар өз ажарын әсемдеп қоймай, сұқ көздің бәрі асыл тасқа түсіп, көз тимесін деген мақсатта түрлі бұйым таққан. Сонымен қатар,...
Бұл тақырыпты "Nege" сайтының тілшілері талдап көрді:
Қытай университеттері жақын арада әлем университеттерінің үздік ондығына кіруі мүмкін, бұл көрші ел үкіметінің білім мен ғылымға құйған инвестициясы арқасында мүмкін болып отыр. Жоғары білім беру саласындағы халықаралық Times Higher Education рейтингі нәтижелері...
Қазақстан Президенті Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Ұлан-Батыр қаласындағы Шыңғыс хан ұлттық музейін арнайы барып көрді.
2019 жылы ашылған музей қорында 10 мыңнан астам бірегей жәдігер бар. Экспозицияның негізгі бөлігі ұлы қолбасшы әрі жиһангер Шыңғыс хан тұлғасына арналған. Бұдан бөлек көрмеде...
«Айқап» журналы XX ғасырдың басында қазақ интеллектуалдарына елдегі мәселелер жөнінде үндеу жасайтын мінбер болды. Журнал екпін қойған тақырыптың бірі — қазақ әйелдерінің құқығы, бостандығы мен теңдік мәселесі еді. «Айқаптың» әр бес нөмірінің кем дегенде екеуінде әйелдер құқығы туралы айтылатын....
24 қазан күні Жамбыл атындағы қалалық кітапханада "Кітапхана түні" атты шара өтті. Жамбыл кітапханасы еліміздегі тәулік бойы қызмет көрсететін тұңғыш кітапхана екенін айта кеткен жөн. Аталмыш шараның өткізілу мақсаты - еліміздегі оқырмандардың белсенділігін арттырып, оқуға деген қызығушылығын ояту.
Жастар кітапхананы...
Қазан айының 23-жұлдызында Жамбыл атындағы қалалық кітапханада Алматының жастары бас қосты. "Әдебиеттің ақ көгершіні" деп аталатын бұл кеште Айым Алтайқызының кітабының тұсауы кесіліп, өлеңдері оқылды. "Алқа" баспасының қолдауымен шыққан қаламгердің тұңғыш туындысы - "Ақзер. Ең болмаса кітапта..." деп аталады.
...