Сыр
Түніменен ауырды
Түбі босап тістерім.
Тауыстым бар сабырды,
Білмеді апам не істерін.
Айтып жатты атама
«Не болды екен?»—дегенін.
Белгісіз-ау апама
Тәттіні көп жегенім.
Апам неге жылады?
Көзім түсті апамның
Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»—
Деп келдім мен қасына.
Сұрамақпын, білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын, көрмеппін
Пияз турап жатқанын.
Сый
Құрап бүгін бастарын,
Келіп еді достарым.
Жинап алып ұл-қызды,
Кірпіштен үй...
Абайдың тұлғасын ашу арқылы қазақ халқының болмысын бейнелеген заңғар жазушы Мұхтар Әуезов ақын өміріне қанық болып қоймай, оны өз көзімен көрген. Жазушы Абайды көрген күнін ерекше тебіреніспен, үлкен қуанышпен әңгімелейтін көрінеді.
Кейде тапсырма орындамай, ұстазын ренжітіп алған шәкірттері Мұхаңның ашулы кезінде...