Мен саған қарыздармын.
Жүрегімде шаттық бар.
Бар ызғар, мұң.
Біз екеуміз кешкен күй ұқсас керім
сезіміне ғажайып аңыздардың. Мен саған қарыздармын.
Сен де маған.
Басқа қызық-шыжықтар ем бе маған!
(Бір-біріне қарыздар екендігін
неге біле бермейді жердегі адам?)
Менің мына жүзімнен жел жалаған
шаттықтардың шуағы танылмаса,
жанарымнан ой-тұман арылмаса –
жанымда бар...