Мен саған қарыздармын. Жүрегімде шаттық бар. Бар ызғар, мұң. Біз екеуміз кешкен күй ұқсас керім сезіміне ғажайып аңыздардың. Мен саған қарыздармын. Сен де маған. Басқа қызық-шыжықтар ем бе маған! (Бір-біріне қарыздар екендігін неге біле бермейді жердегі адам?) Менің мына жүзімнен жел жалаған шаттықтардың шуағы танылмаса, жанарымнан ой-тұман арылмаса – жанымда бар ызғар, мұң: оны сезім-нәріңмен емдеп алам, немесе анау ақкөңіл елге барам – жусаны да жайымды ұғынатын, кемпір, шал да қалқам деп бұрылатын, - көтергендей ақ басын жерден Анам. Шырқыраған жанымның бір тынымын, жүрегіме нәр берер күлкі, жырын іздеймін сенен және кең даладан!
Өзіңді ойлап қайғыдан езіліп ем. Аласұрған күйімді сез үнімнен. Аң-таң болып әлі күн шошимын мен Сенің көктем күніндей сезіміңнен. Есім кеткен, өртенгем сағыныштан… Бірақ ешкім озған ба жазымыштан. Иә... мен де бұл күнде түңілгенмін Көңіліңнен әркімге алып-ұшқан. Мен өзімдей көргенмін. Бекер мұным. Саған менен бұрындау жетер жырым. Мен білмеппін сүйгенің, сағынғаның Мүләйімсу, көлгірсу екендігін. Қайтем. Қатал тағдырға жүгіндім мен, Аңғалдарды жылатқан, түңілдірген. Әлі сені қимаймын кінәлауға, Өмір шығар сені де сүріндірген…
***
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген... ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам (одан сайын мен шіркін қатуланам). Біреулер қиялдайды: мұндай адам ешкімді сүйе алмайды; өтірік өлең жазады талықсыған, қайдан ғана бал сезім таныс бұған? (Түсініксіз қалпыммен байғұстарды ойларымен өздерін алыстырам). Біреудің жаны ашиды: ол ақын ғой өзгеше, дара сыйлы: ал ақындар сезеді барлығын да, ақылды да болады, данасиды. Жастар жара түспеген жанына әлі түсінгендей жанымды табынады; менің асқақ ән мұңды жырларымды іздеуі хақ солардың, сағынары... Мен кешпеген дүние жоқ екенін сезеді олар. Сезеді бәрі-бәрі. Мен солай көрінемін, Жер секілді құбылтқан өмір өңін. Міз бақпайтын адамдай жүре берем, күйіп-жанып жатса да төңірегім. Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін) Менің барлық бал қылық, нәзіктігім сенің ғана алдыңда төгілерін!