Димаш Құдайберген «Ізгі ниет елшісі» атанды

Оқи отырыңыз

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының отырысында Ізгі ниет елшілері институты құрылды.

Dimash Qudaibergen | Some new photos | Instagram
Ізгі ниет елшілері институты елшілерінің есімі белгілі болды. Олардың қатарында отандық әнші Димаш Құдайберген де бар.
Рухани дипломатия мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниет елшілерінің мәртебесі туралы ереже қабылданып, осы лауазымға жоғары тұлғалар тағайындалды.
Олардың қатарында отандық Димаш Құдайберген, Вьетнам буддистік сангханың Бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхить Дык Тхиен, Иерусалимнің және бүкіл Палестинаның Патриархы ІІІ Теофил, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абделсалам және Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Джо Бэйли Уэллс бар.

Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген немесе Димаш (24 мамыр 1994 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық әнші.

Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар