Аборт жасау ағзаға зиян ба?

Оқи отырыңыз

Дүниеге дені сау ұрпақ әкелу — әр отбасының арманы. Алайда, әйел денсаулығына немесе отбасындағы айтыла бермейтін көптеген мәселелерге байланысты әйел құрсағына біткен баланы жарық дүниеге әкеле алмайтын жағдай болуы мүмкін.

Мәселен:

  • Қыз бала отбасын құрмаған болып, баланың болашақ асыраушысы болмаған жағдайда;
  • Кәмелет жасына толмаған қыз бала босануға дайын емес болған жағдайда;
  • Әйелдің жасы ұлғайып, бала өсіруге күші болмаған жағдайда;
  • Жақында бала босанған ана денсаулығы қалыпқа келмей тұрып, қайтадан бала көтерген жағдайда;
  • Жүктілік немесе босану кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төнуі мүмкін болған жағдайда;

Осы және өзге де себептерге байланысты әйелдерге түсік жасау қажеттілігі туындайды. Алайда. оның организмге, психологияға, горманалды фонға қандай әсері бар? Бұл туралы мамандар не дейді? Түсік тастаудың қандай түрлері кең таралған? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.Жасанды түсік жасату – жүктілікті 28 аптаға дейінгі мерзімде тоқтату. 12 аптаға дейін жасалған түсік ерте түсік деп, ал бұл мерзімнен кейін жасалса, кеш түсік деп саналады.

Мамандардың айтуы бойынша:

«Аборттан кейін жатырда эндометрит, қан кету болып, жатыр дұрыс тазаланбай қалуы мүмкін. Кез келген жасанды түсіктен кейін асқыну мен ауырсыну болады. Әйел бірінші жүктілікте баланы алдырып, гинеколог жатырды қырып тазаласа бедеулікке шалдығуы әбден мүмкін…

Жатырды қыру немесе хирургиялық түсік жүктіліктің 22 аптасына дейін жасалады. Әйелдердің көбісі түсік жасаудың осы түрін ең сенімді деп санап, хирургиялық жолды таңдайды. Алайда түсік жасатудың бұл түрі – ең қауіптісі, өйткені ол жатырдың шырышты қабығына зақым келтіре алатын хирургиялық құралдардың көмегімен жасалынады. Он екінші аптадан кейін түсік жасату мерзімі кеш болып саналады, сондықтан бұл мерзімнен кейін жүктілікті үзу жайлы шешімді қабылдау тек жалғыз әйелге ғана тиесілі емес екенін түсіну керек. Алайда бұл мерзімде белгілі бір медициналық және генетикалық көрсетілімдер орын алған жағдайда дәрігерлер әйелге жасанды түсік жасауға кеңес әрі жолдама беруі мүмкін.

Сондай-ақ құрсақтағы баланың салмағы 500 граммнан асса, алдыруға болмайды. Ондай жағдайда аборт қылмыс болып есептеледі. Себебі 500 граммдық бала – Қазақстан азаматы.

Жасанды түсіктің қандай түрлері болады?

  • Вакуумдық түсік немесе мини-түсік жүктіліктің 5 аптасына дейін жасалады. Жатырдан ұрықты сорып алатын ваккумдық құрылғы қолданылады. Ерте мерзімде жасаланатындықтан және жатырдың шырышты қабығы жарақаттанбайтындықтан түсік жасаудың бұл түрі қауіпсіз болып саналады.
  • Медикаментозды (дәрі-дәрмек арқылы жасалынатын) түсік жүктіліктің 8 аптасына дейін жасалады.Дәрігердің қадағалауымен дәрі қабылданады, бірнеше күннен кейін жатырдан қан кетіп, түсік түседі. Жатырдың шырышты қабығы жарақаттанбағандықтан түсіктің бұл түрі де жарақаты шектеулі түсік деп есептеледі.
  • Жатырды қыру немесе хирургиялық түсік жүктіліктің 22 аптасына дейін жасалады. Әйелдердің көбісі түсік жасаудың осы түрін ең сенімді деп санап, хирургиялық жолды таңдайды. Алайда түсік жасатудың бұл түрі – ең қауіптісі, өйткені ол жатырдың шырышты қабығына зақым келтіре алатын хирургиялық құралдардың көмегімен жасалынады.

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар