Белгілі саяхатшы, блогер Динара Болат Айнұр Ілиясова жүргізетін «Мамский әңгіме» пдкастында өз басынан өткен түрлі кезеңдерді баяндай отырып, тұрмыстық өмір мен өз мақсаттарын тең ұстап жүрудің құпиясымен бөлісті. Ол ең алдымен психология ғылымына қатысты ізденістерінің басталуына анасымен қарым-қатынасы себеп болғанын айтады. «Біз ауылдық жерге көшіп келгеннен кейін, мен тұрмыстың анамды қалай жеңгеніне куә болдым. Содан бастап, анаммен тіл табыса алмай кеттік… «Жаным» деген сөзге зар болып, оның өзін тұрмыс құрып кеткеннен соң бір-ақ естідім.»
Бағдарлама қонағы жасөспірім кезінен анасына деген реніштің себебін анықтау үшін психология көмегіне жүгінгенін айтып өтті. Алайда, араға жылдар салып өзі де ана болғанда анасының тағдырын қабылдап, өз басына түскен көп жайттан сабақ алғанын жасырмады. «Ата-ананың қадірін — балалы болғанда білесің» деген сөз рас екеніне көзім жетті.» Сонымен қатар, Динара Болат жас кезде балалы болудың артықшылығы мен кемшіліктері туралы да тәжірибесімен бөлісті:
«Моральдық тұрғыда сен 20-21 жасыңда ана болуға дайын емессің. Ол жаста аналық сезімдер оянбайды. Еміреніп баланы иіскеу, сол үшін өзіңді бақытты сезіну деген алғашқы балада бола бермейді. Себебі, өзің де әлі психологиялық тұрғыда жетіліп, піспегенсің… Жас кезде баламды құлатып алмасам, аш қалдырмасам, жылатып алмасам деген аналық инстинг қана болады, әйтеуір перзентіңді бағып-қағып өсіресің. Бірақ өзім толыққанды ана бақытын екінші баламды өмірге әкелгенде барып қана сезіндім…»
https://youtu.be/8a7KBsaH3Zs?si=7wPhTptr42JzUiyT