Көрнекті педагог, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш педагог, жазушы, аудармашы Назипа Құлжанованың еңбектері қайта басылып, оқырман қауыммен қауышты.
“Қазақ әйелдеріне манифест” деп аталатын жинақта қайраткер қыздың туындылары жинақталған. Кітап 6 бөлімнен тұрады. Олар:
- Мектептен бұрынғы тәрбие
- Ана мен бала тәрбиесі
- Баланы аурудан сақтандыру
- Әдебиет пен өнер мәселелері
- Мақалалар мен очерктер
- Білгенге — маржан
“Назипа Құлжанова! Бір өзі заманында психологтың, педагогтің, инфекционист, акушер-гинекологтың, педиатрдың, журналист қызметін атқарған Алаш қайраткері. Сөйте жүре, қаламын да тастамай қазақ қыздарының тағдыры жайында прозалыш шығармалар жазған, классиктердің туындыларын аударған. Бұл жинақтың іші толған маржан. Әрбіреуіміздің сөремізде тұруы керек кітап…” — дейді кітап редакторы Баян Хасанова.