!Қорқыт — тек түркі халықтарына ортақ мифтік кейіпкер ғана емес, оғыз-қыпшақ дәуірінде өмір сүрген тарихи тұлға, қобыз аспабының атасы. Оның сәуегей, абыз адам болғаны туралы деректер де жоқ емес. Қорқыттың өмірде болған шынайы кейіпкер екенін 12 жырдан тұратын «Қорқыт ата кітабы» дәйектей түседі. Кітап Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген төрт бөлімді «Қорқыт» тарихи биографиялық телехикаясы Toronto International Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік телевизиялық сериал» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Солтүстік Америкадағы ірі фестиваль 5-15 қыркүйек аралығында өтті. Бұл — кино саласындағы беделді байқаулардың бірі. Айта кетейік, тарихи драма бұған дейін Montreal International Film Festival кинофестивалінің «Үздік костюм» және «Үздік грим» номинациясын жеңіп алған болатын. Туындының продюсері – Шолпан Батырбаева, режиссері – Қанағат Мұстафин.
Түркі халықтарына ортақ Қорқыт тұлғасына арналған тарихи драма Өзбекстан, Әзірбайжан телеарналарынан да көрсетілді. Алдағы уақытта қырғыз, түрік тілдеріндегі нұсқасы эфирге шығады. Туынды Өзбекстан, Әзірбайжан телеарналарынан да көрсетілді.