2024 жылдың қаңтарында Alqa Publising баспасы заманауи қазақ әйелінің образын бейнелейтін повестке арнап «Алқа» грантын тағайындады. Грант құны — 1 000 000 тг. болып белгіленді.

Қазылар алқасының құрамы төмендегідей:

Әлия Бөпежанова — аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты;
Гүлмира Сәулембек — әдебиеттанушы, сыншы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD;
Әсия Бағдәулетқызы — журналист, кинотанушы, Queen Mary University of London оқытушысы, докторанты сыншы;
Айнұр Төлеу — ақын, әдебиеттанушы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторанты;
Баян Хасанова — аудармашы, Alqa Publising баспасының бас редакторы;

Өтінім қабылдау уақыты тағы 3 айға созылды. Үш ай уақыт ішінде онға жуық шығарма келіп түсті. Ұйымдастырушылар қазылар алқасына шығармаларды автордың есімін көрсетпей ұсынды. Қазылар алқасы бұрын қабылданған шығармалар мен кейін келіп түскен шығармалардың барлығын қайтасараптап, мынадай шешімге келді.
«Алка» грантына екі шығарма лайық  деп танылды:

1. Гүлзейнеп Сәдірқызы «Айбибі»
2. Қанағат Әбілқайыр «Жүректің көз жасы»

Сонымен қатар, келіп түскен шығармалардың ішінен редакцияның таңдауы түскен бір шығарма «Жаңа автор» номинациясын жеңіп алды. «Жаңа автор» номинациясының иегері Айым Алтайқызының «Ақзер» шығармасы. Грант жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта осы үш автордың повесті Alqa Publising
баспасынан жеке кітап болып жарық көреді.