Қазақ қаламгерлері туралы өте қызық деректер

Оқи отырыңыз
  • Оралхан Бөкей ауылында тракторшы болып қызмет істеген. Сонымен қатар, ол телефон бар заманда өмір сүргеніне қарамастан, қарындасымен тек хат арқылы сөйлескен екен. 
  • Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының азан шақырып қойған есімі — Адам.
  • Абай Құнанбаев Мұхтар Әуезов туылғанда шілдеханасына қатысқан деген дерек бар.
  • Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын бір-ақ түнде жазып шығарыпты.
  • Ғабит Мүсірепов ерекше сәнқой кісі болған. Оның әйелі Хұсни күйеуінің шалбарына француз әтірін сеуіп үтіктеп беретін болған.
  • Төлеген Айбергеновтың жұбайы Үрнисаның айтуы бойынша, «Бір тойым бар» деген өлеңді ақын «жұбайы тағы бір ұл баланы дүниеге әкелсе» деген арман-тілекпен шығарған екен.
Бүгін 8 наурыз талантты ақын ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВТЫҢ туған күні. Жастайынан  тағдырдың қатқыл тұстарын көп сезінген ол бала.. | ВКонтакте
  • Әзілхан Нұршайыхов «Махаббат, қызық мол жылдар» романын ауызша ғана айтып, бірақ, уақыт тауып қағазға түсіруге ерініп жүрген екен. Оқиғаның ауызша нұсқасын бір отырыста естіп қалған Ғафу Қйырбеков «Егер осыны өзіңіз қағазға түсірмесеңіз, мен поэма етіп жазып тастаймын!» деп қолқа салыпты. Тек осы диалогтан соң ғана автор ғаламат туындысын өмірге әкелген екен.
 
Нұршайықов Ә.: Махаббат, қызық мол жылдар (қатты мұқаба): купить книгу по  низкой цене в интернет-магазине Meloman | Алматы 1225420
  • Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов құда болған. Ғабит Мүсіреповтің үлкен қызы Энгелина Сәбит Мұқановтың Арыстан есімді ұлына күйеуге шыққан. Жазушы өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде»: «Менің кітапқа деген құмарлығымды, азды-көпті сынай алатынымды байқап, Сәбит маған — «жазуға кіріс» деп мазалап жүрді», — деп жазған екен.Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов | ZTB | QAZAQSTAN | ВКонтакте
  • Ыбырай Алтынсариннің әйелінің есімі — Айғаныс. Ол 3 перзент дүниеге әкелген. Ыбырай Алтынсарин мен жары Айғаныстың отбасылық фотосуреттері де сақталған.
Ыбырайдың отбасы
Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар