Қазақ тіліндегі атауы ерекше кітаптар

Оқи отырыңыз

Кітап сатып аларда бірінші не нәрсеге мән бересіз? Бәлкім, мұқабадағы суретке назар аударасыз? Әлде, автордың есіміне қарайсыз ба? Меніңше, кез келген оқырманға ең алдымен кітаптың атауының ерекше болғаны ұнайды. Біздің  әдебиетімізде сан алуан жанрдағы, мазмұнға бай шығармалармен қатар атауының өзі ерекше  кітаптар бар. Солардың бірнешеуін мағынасымен бірге ұсынамыз.

Бөкей О.: Атау-кере (жұмсақ мұқаба): купить книгу по низкой цене в  интернет-магазине Meloman | Алматы 1361801

Оралхан Бөкейдің «Атау Кере» шығармасы. Атау Кере – дүниеден өтіп бара жатқан адам соңғы рет ішетін астың ғұрыптық атауы. Ақтық демі жақындап, дәм-тұзы таусылып бара жатқан адамға ең жақын туысы «Қолымнан татқан ең соңғы дәмің болсын», — деп, көбінесе су немесе сұйық тағам тамызады. Ең қызығы, аталмыш шығарма жазушының өз ажалына дейін жазған соңғы туындыларының бірі деген дерек бар. Халқымыздың сөздік қорында «атауымды ішкіздің», «атауыңды аса!» деген сынды қатты күйінгенде айтылатын қарғыстан да зілді сөздер бар. Бұл повесть — адам психологиясы, өмір философиясы туралы деуге болады. Шығармада, Ерік деген кейіпкердің өмірімен танысып отырғандай болса да, оқырман өз жан-дүниесімен бетпе-бет келеді. Бір жағынан тіршілік туралы түрлі сауалдарға жауап тапқандай болса, екінші жағынан шығарманы оқып бболған соң екіұдай күйге түсіп, ойда қалады. Жазушының тек оқиғаны жеткізу шеберлігі ғана емес, шешімі, пайым-парасаты таң қалдырады.

Купить Книга Сулейменов А.: Бесатар в Алматы – Магазин на Kaspi.kz
Асқар Сүлейменовтың «Бесатар» повесі. Бесатар — мылтықтың бір түрі. Оны калибрлі винтовка деп те атайды. Ал қазақтар оқсауытына 5 патрон салынатындықтан, бесатар атап кеткен. Бұл қару — Кеңес армияларында 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылды.  Шығармаға «Бесатар» деген атау беру арқылы автор оқырмандарды бірден соғыс, қару-жарақ жұмсалатын оқиғаға дайындайды. А.Сүлейменов осы шығармасы арқылы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын бір тәуліктің ішіне сыйғыза алған.

Instagram

Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы. Жармақ — бір денеде өмір сүретін адамның екі болмысы. Біздің әрқайсымыздың ішімізде бір-бірімен бәсекелесіп, бақталасып жататын қос бейнеміз бар. Сондай психикасы қақ жарылған басты кейіпкер — Мұрат пен Марат Қазыбековтер. Есімдерінде бір әріп қана айырмашылық бар. Ал, ойлары мен құндылықтары жер мен көктей. Қазақ әдебиетінде дәл осындай мистикаға толы, аса күрделі шығарма бұрын болған емес. Кітап 2007 жылы Прага қаласында алғаш жарық көрген. 

Купить Книга Әлібек Байбол : Мұтылған в Алматы – Магазин на Kaspi.kz

Әлібек Байболдың «Мұтылған» кітабы. Мұтылған — философиялық ұғым. Кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы өзіне осындай лақап ат қойған. Тіпті, “Мұтылғанның өмірі”  атты өлеңі де бар. «Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым: “Мұтылған”, — дейді ақын. Автор бұл өлеңде адам баласының мәңгі еместігін, оның өмірі де өнері де бір күні ұмыт болатынын, бәрінің өткінші екенін жырлаған. Белгілі ғалым Ғарифолла Есім бұл өлеңдегі «мұтылған» сөзі «ұмыт болу» деген мағынаны білдіреді деп болжайды. Ал, осы идеядан туңан Әлібек Байболдың шығармасы оқырманды ойландырады, ерекше күйге бөлейді. Бұл романға бүгінгі қоғамның қилы-қилы ахуалдары, жанға батқан жағдаяттары арқау болып, жан-жақты көрініс тапқан. Кей жерде карикатуралық, плакаттық сипат та басымдау келеді. Көркем шығарманың құрылымы, жанры, идеясы да бөлек әрі тың. 

Дайағашшы – елдің сыйлысы » Толқын - Арал аудандық қоғамдық-саяси газет

Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабы. Бұл кітап ілгерідегі қазақтарға етене таныс, кейінгілер үшін ұмыт бола бастаған мінездер туралы. Сондай-ақ, қазір мағынасы көмескі тартқан сөздер мен түсініксіздей көрінетін халық әндерінің мәтінін жіліктеп талдайды. Автор, қазақтың қанында қалғып жатқан рухын оятады. Дала даналығын кейінгі ұрпаққа дәріптейді. Сонда, «дайағашшы» деген не? Автор бұл сөзі бекерге таңдап алмағаны анық. Даяғашы — бәйге ұйымдастырылғанда бәйгеден озып келген атты тосып алатын арнайы тағайындалған адамдар тобы. Дайағашшын ауыл арасынан таңдап алудың да өз әдебі болған. Көбіне, өзі қадірлі болғанымен тұрмысы төмен немесе жақынынан айырылып көңілі қапаланып жүрген жанға маңызды істі тапсырып, жүйрік атты күтіп алғаны үшін сый-сияпат беретін болған екен. Осылайша, бәйге болса ел ішінде ешкім елеусіз қалмаған.

Дайындаған: Айым Алтайқызы

 

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар