Жасанды интеллект кітап жаза ала ма?

Оқи отырыңыз

Адамзат сәт сайын жаңа технологиялардың жетілгеніне куә болып, оның игіліктерін әр салада пайдаланып келеді. Сондай жасампаз жобаның бірі — жасанды интеллект. Қазірдің өзінде, нейрожелі сурет салуға, әуен жазуға, дауысты мәтінге, мәтінді дыбыстық жазбаға айналдыруға және өзге де күрделі әрекеттерді жасауға қабілетті. Ол адам ақылынан туған дүниеден еш кем емес кереметтерді жасап бере алады.

Алайда, әдебиетсүйер қауымды бір сұрақ мазалайтыны анық. Жасанды интеллект кітап жаза ала ма? Егер жаза алса, жасанды желіден шығармашылық әлеміне төнетін қатер жоқ па?

Нейрожелі — адамның уақыты мен энрегиясын көп жұмсайтын әрекеттерді оңтайландырып, автоматизациялауға көмектеседі. Мәселен, көлік жүргізу немесе қылмыскерді іздеу жұмыстарына көмектесу сияқты пайдалы жақтары өте көп.
Сонымен қатар, жалған видеоматериал дайындау, маңызды құжаттардың, ғылыми жұмыстардың көшірмесін әзірлеу сияқты адамдар өміріне тигізетін кері әсерін де ескеруіміз керек.

Жасанды интеллект әдебиетке қауіпті ме?

Нейрожелі — бұл биологиялық нейрондық желілерді ұйымдастыру және жұмыс істеу принципі бойынша құрылған математикалық модель. Ол адам зердесі арқылы орындалатын күрделі тапсырмаларды шешеді. Оны кескіндер жасауға, код жазуға және мәтіндер жасауға үйретуге болады. Қазіргі таңда, жасанды интеллект белгілі бір тақырыпта мәтін жазуға қабілетті. Алайда, ол тек жалпыға түсінікті, көп талқыланатын, жиі қозғалатын, кең тараған тақырыптар төңірегінде ғана жақсы мәтін құрастыра алады. Жасанды желі жазған мәтіндерде жеке пікір, шығармашылық ізденіс, көркемдік тәсіл, рухани тереңдік жоқ. Ол тек әлемдік ақпарат кеңістігінен ең қажет деген сөйлемдер мен ойларды іріктеп, жинақтап қана береді.

Дұрыс қолдана білсең, нейрожелі еш жерде кездеспейтін шытырман оқиға құрастырып беруі мүмкін. Алайда, ол жазып берген мәтінді әдеби шығарма қатарына қосуға әлі ерте. Жасанды инттелект ұйқасы бар өлең, мазмұны бар әңгіме де жаза алады. Десек те, оның авторлық стилі, сана-сезімі, өз қолтаңбасы жоқ. Сондықтан, әзірге жасанды желінің жазушыларды жұмыссыз қалдыруы екіталай. Ал, сіз қалай ойлайсыз?

Айым Алтайқызы

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар