Әдебиет — қоғам шындығының шырағын жаққанда ғана халықтың қазынасына айналады. Алайда, елімізде болып жатқан түрлі түйткілді оқиғалар мен мәселелерді қаламына жүк қылып жүрген жазушылар санаулы. Қара халықтың тағдырын ақ қағазға түсірген қайсар қаламгердің бірі — Ырысбек Дәбей. 

Ырысбек Дәбейдің «Қоңызы» Жаңаөзен оқиғасын сипаттап, баспа көрген алғашқы роман. 

 

2011 жылы орын алға оқиға халықтың қабырғасына қатты батты.  Еліміздің батысындағы мұнайлы өлке мұңлы өлкеге айналды. Мұнайшылар компаниясында еңбек қатынасы нашарлай түсіп,  салдарынан мұнай-газ өндірісі құлдырап, ол компанияның балансына кері әсерін тигізді. 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында билік пен ереуілші жұмысшылар арасында қақтығыс басталды. Полиция оқ жаудырып, салдарынан кем дегенде 16 бейбіт тұрғын қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Сонымен қоса, зорлық-зомбылық үшін 40-қа жуық жұмысшы, кәсіподақ жетекшілері мен наразылық білдірушілерге үкім шықты. Ал Қазақстан билігі бұл оқиғаны тәуелсіз зерттеушілерге зерттеу жүргізуге тыйым салды. Кейіннен Ұлыбританияның экс премьер-министрі Тони Блэр Жаңаөзен оқиғасын халықаралық деңгейде көрсету және көтеру жөнінде кеңес берді.

Қазақ жазушысы Ырысбек Дәбей Жаңаөзендегі осы оқиғаларды «Қоңыз» романында сипаттаған. 

Бүкіл ұлы шығарма негізінен трагедияға құрылады. Осы біздің заманға, біздің өмірге қатысты шығармалар неге жоқ, неге жазылмайды деген тақырып мақсатым болды.