Жанымызды емдейтін кітап жарық көрді

Оқи отырыңыз

 

Барлық адамның ішінде ешкімге айта алмайтын сырлары, шеше алмай жүрген мәселелері болады. Сондайда, қасымда күндіз-түні мені түсінетін бір психологым болса дейсің… Психолгтың өзі болмаса да, сөзі бар, кәсіби кеңестері бар кітап жарыққа шықты. 

Білікті психолог, тәжірибелі маман ЭЛЬВИРА ЕРҒАЛИНА «КӨЛЕҢКЕ-ЖАРЫҚ» атты қазақ тіліндегі тұңғыш терапия кітап жазып, оқырманға ұсынды. Кітапта тек психолгиялық кеңестер, оқиғалар, автордың ой-толғамдары ғана емес  адам психологиясында негізгі рөл атқаратын 25 тақырып, 25 жаттығу және 11 терапия қамтылған. Аталмыш кітаптан QR код арқылы ашылып тыңдалатын аудиотерапия, практикалық тапсырмалар, тесттер де таба аласыз. 

 Бұл кітапта автордың ешкіммен бөліспеген құпиялары да мәлім болады.

«Бұл менің алғашқы кітабым. Осы 400 бетті ақ қағазға қаламмен жазып отырып өте көп эмоцияларды бастан кештім.» 

Кітапта балалық шақта пайда болған жан-жарының емінен бастап, ересек өмірдің қиындықтарынан қалай арылуға болатыны туралы кеңестер айтылып, рухани құлдырамай өмір сүрудің формуласы көрсетіледі. Бастысы, бұл ақпараттың бәрі ана тілімізде жазылып, оқырманға жол тартты. 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар