Алматыда ірі жер сілкінісінің болу қаупі жоғары – Сейсмология орталығы

Оқи отырыңыз

ЖЕР БЕТІНДЕ ЖЕР СІЛКІНУ ҚАУПІ КҮШЕЙІП ТҰР. 2025 ЖЫЛДЫҢ ӨЗІНДЕ ТИБЕТТЕ, ТҮРКИЯДА, РЕСЕЙДІҢ КАМЧАТКА АЙМАҒЫНДА, ЖАПОНИЯНЫҢ КЮСЮ АРАЛЫНДА ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІ ТІРКЕЛДІ. Алматыда соңғы 10 жылда жердің сілкінуінің жиілеуі ірі зілзала қаупі барынан хабар береді.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС директорының орынбасары Жандос Марат Информбюро порталына берген сұхбатында «қуаты әлсіз жер сілкіністері жердің артық күшін шығарып тастауына жақсы» деген пікірді жоққа шығарды.
Маманның айтуынша, керісінше, жердің бұлай әлсіз, бірақ жиі тербелуі алдағы уақытта күшті сілкіністердің болу ықтималдығын білдіреді.

«Алматы қаласының сейсмикалық белсенділігі жоғары. Батыста сонау Жерорта теңізінен басталып, шығысқа қарай созылып жатқан қарқынды сейсмикалық белдемге кіретін Тянь-Шань таулы аймағының солтүстік бөктерінде орналасқан. Тянь-Шань таулы аймағы тектоникалық қозғалыс қарқындылығы жоғары аймаққа жатады. Сондықтан да сейсмикалық қауіп деңгейі жоғары. Бұл аймақта тарихи кезеңнен бастап соңғы 10 жылда үздіксіз болып жатқан әлсіз сілкіністер (орташа есеппен жылына 200-300 рет) – заңды құбылыс. Бұл келешекте күшті сілкіністердің болу ықтималдығы жоғары екендігін білдіреді», – деді Жандос Марат.

 

Соңғы жарияланымдар

«Олардың жасында үш қыздың анасы едім”: Гүлнұр Мамасарипова «Кәрі қыз» фильмі арқылы қоғамға үндеу жасады

Танымал кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова су жаңа кино туындысына қатысты Stan.kz тілшісіне аз-кем ойын бөлісті. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/ Күні кеше продюсердің "Кәрі қыз" атты фильмі көрерменге...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика