Әдебиет порталында Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы жарияланды

Оқи отырыңыз

Иллюстрация: Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайты

Автор кітапта әкесі Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөліскен.

Аdebiportal.kz отандық әдеби порталы авторлардың аудиокітап форматындағы жаңа шығармаларымен толығуда. Олардың бірі – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Автор кітапта әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы – Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді.

Президенттің аудиокітабы Kitap.kz, Topiq.kz, Kazneb.kz қосымшаларында да қолжетімді болады.

Соңғы жарияланымдар

«Олардың жасында үш қыздың анасы едім”: Гүлнұр Мамасарипова «Кәрі қыз» фильмі арқылы қоғамға үндеу жасады

Танымал кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова су жаңа кино туындысына қатысты Stan.kz тілшісіне аз-кем ойын бөлісті. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/ Күні кеше продюсердің "Кәрі қыз" атты фильмі көрерменге...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика